СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ТАЛАПТАРДЫ САҚТАУ (КОМПЛАЕНС)
Қазақстан республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің «Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі өз жұмысын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері  бойынша үздік комплаенс тәжірибелерге сәйкес құрады.
Негізгі мақсат комплаенс бағдарламасын енгізу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша саясатты айқындау, сондай-ақ Ұлттық орталықтағы сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдерін бағалауды қоса алғанда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралардың іске асырылуына бақылауды жүзеге асыру болып табылады. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған комплаенс бағдарламаларының маңызды элементтерінің бірі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сәйкестендіру және бағалау болып табылады.
Compliance (ағылш.) «сәйкестік». Бұл функция ұйымның ішкі процедураларының халықаралық және жергілікті реттеу нормаларына сәйкестігін бақылайды.
Ұлттық орталықсыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V Заңы.
Қызмет барысында сыбайлас жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, бұл туралы келесі байланыс ақпаратын пайдалана отырып,  хабарлауға болады:
телефон нөмірі: +8 (7172)76-91-81,
немесе 1424  CALL-ОРТАЛЫҚҚА
Национальный центр рукописей и редких книг

O центре

Языки

KZ

RU

EN

8(7172)76-90-60

Республика Казахстан г. Астана, бульвар Нұржол 12

© 2024 Created with Muhsas