Ел тарихына қатысты конференция өтті

Ғылыми шараның басты мақсаты – Жошы ханның тарихи мұрасын, Алтын Орда тарихындағы рөлін және аймақтың саяси-мәдени дамуын ғылыми тұрғыдан зерттеу. Бұған қоса Жошы хан мен ұрпақтарының бейнесін, қазақ халқының мәдени жадын және ұлттық бірегейлігін, сондай-ақ қазақ эпосы мен фольклорының дамуын зерделеу болып отыр. Маңызды жиынға Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдері, Жошы Ұлысының зерттеу ғылыми институты, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Ұлттық музейінің ғалымдарымен қатар, қоғам қайраткерлері, БАҚ өкілдері, докторанттар және магистранттар қатысты.

Биыл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында әлеуметтік, шаруашылық, идеологиялық және басқа да салалардағы бағдарымызды айқындап, нақты шараларды қолға алуымыз керек деп атап өткен еді. Соның ішінде ел тарихын зерттеу мен насихаттауға, тіл мәселесіне, ономастика, тарихи мұралар мен тарихи тұлғаларға, табиғи және тарихи мекендерге ерекше тоқталды. Құрылтайда Жошы ұлысы мен Алтын Орданың тарихын халықаралық аренада таныту, сонымен қатар, әл-Фараби мен Ахмет Ясауи мұраларын шетелдік ғалымдардың қатысуымен терең зерделеп, дәріптеуге нақты тапсырмалар берді. Президент тарихи-мәдени жәдігерлерді, оның ішінде олардың көшірмелерін елімізге қайтару жұмыстарын жандандыру да аса маңызды екенін айтты.

Конференция барысында Алтын Орда кезеңіне қатысты тарихи кітаптардың («Шаджарат ал-атрак», XV ғ., Гарвард университетінің Хаутан кітапханасы, АҚШ, «Кодекс куманикус», XIV ғ. басы, Әулие Марк кітапханасы, Италия және «Мунтахаб ат-тауарих» Натанзи XV ғ., Франция ұлттық кітапханасы) факсимиле көшірмелері ұсынылды. Бұл сирек кездесетін құнды шығармалар жоғары дәлдікпен қайта жасалған әрі көне жазба дәстүрлерінің ерекшеліктерін зерттеуге мүмкіндік береді. Аталған көшірмелер Алтын Орда мұрасын кеңінен насихаттау үшін аса маңызды болмақ. Сондай-ақ ғалымдар мен өзге аудиторияға ғылыми зерттеу жасауға, араб, парсы және шағатай тілдеріндегі түпнұсқа мәтінді аудару мен ғылыми айналымға енгізуге, Қазақстан тарихын терең зерттеуге үлкен үлес қосады.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Рубрики

Последние публикации

eBook App for FREE

Lorem Ipsum is simply dumy text of the printing typesetting industry lorem.

Категории

Национальный центр рукописей и редких книг

Языки

KZ

RU

EN

8(7172)76-90-60

Республика Казахстан г. Астана, бульвар Нұржол 12

© 2024 Created with Muhsas