«АТАЖҰРТҚА ОРАЛҒАН АМАНАТ» аттыТүркия, Үндістан, Ұлыбритания мемлекеттерінен әкелінген тарихи құжаттардың зерттелуіне қатысты өтетін іс-шара және Түркиядағы қазақтар арасында аты белгілі ақын, жазушы Зейнел Сүрмелінің қазақ және түрік тілінде жарыққа шыққан кітабының тұсаукесері өтті.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы 2025 жылдың 19-маусым күні «Атажұртқа оралған аманат» атты Түркиядан әкелінген тарихи құжаттардың зерттелуіне қатысты өтетін іс-шара және Түркиядағы қазақтар арасында аты белгілі ақын, жазушы Зейнел Сүрмелінің қазақ және түрік тілінде жарыққа шыққан кітабының тұсаукесерін өткізді.
Іс-шараға ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің, Қазақстандағы Түркия, Үндістан және Британия елшіліктерінің өкілдері, Түрік ынтымақтастығы және үйлестіру агенттігінің Астанадағы өкілдігі (TIKA), Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің, Отандастар қорының, Юнус Эмре атындағы түрік мәдени орталығының, Астана қаласының мемлекеттік архивінің өкілдері, ғалымдар, зиялы қауым өкілдері және Түркиядан арнайы келген Стамбул қаласындағы Мимар Синан көркем өнер университетінің профессоры, шоқайтанушы, тарих ғылымдарының докторы Әбдуақап Қара қатысты.
Іс-шарада Ұлттық орталық басшысы Жандос Болдыков Түркия Респуликасының Стамбул қаласындағы жүргізілген археографиялық ғылыми-іздестіру экспедициясы барысында Түркиядағы қазақ өкілдері арасында аты белгілі ақын, жазушы Зейнел Сүрмелінің түпнұсқа қолжазбаларын алғандығы туралы және Түркияның Мимар Синан университетінің профессоры, белгілі ғалым Әбдуақап Қараның үлкен қолдау көрсеткендігі туралы, ол құжаттарды орталық мамандары зерттеп қазіргі таңда кітап етіп жарыққа шыққандығы жайлы және қаралы көш тарихына қатысты құжаттардың Үндістан, Ұлыбритания архивтерінен табылып зерттеліп жатқандығы жайында айтып өтті.
Белгілі тарихшы Әбдуақап Қара Алтайдан Тибет, Гималайды асып Үндістан, Пәкістан одан Түркияға көшкен қазақтардың қиын тарихын, көшті бастаған тарихи тұлғаларды және бұл тарихта орын маңызды тарихи оқиға екендігін атап өтті. Бүгінгі күні бұл тарих зерттеліп ғылыми айналымға қосылып жатқандығы үшін орталық басшысына және мамандарына үлкен алғысын білдірді.
Іс-шара барысында Зейнел Сүрмелінің қолжазбалары мен жеке құжаттары, Үндістан, Британия және Түркиядан әкелінген құжаттар көрмесімен танысты.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Рубрики

Последние публикации

eBook App for FREE

Lorem Ipsum is simply dumy text of the printing typesetting industry lorem.

Категории

Национальный центр рукописей и редких книг

Языки

KZ

RU

EN

8(7172)76-90-60

Республика Казахстан г. Астана, бульвар Нұржол 12

© 2024 Created with Muhsas