Қызмет бағыты
Ғылыми-зерттеу бөлімі (бұдан әрі – бөлім) Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының негізгі құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын, Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының Жарғысын басшылыққа алады.
Бөлім Қазақстан Республикасы үшін тарихи және мәдени құндылығы бар жазба деректерді анықтау мақсатында ғылыми-зерттеу экспедицияларын ұйымдастыруды және өткізуді жүзеге асырады, сондай-ақ қолжазбалар мен сирек кітаптардың каталогтарын жасау, аудару және зерттеу жұмыстарымен айналысады. Қолжазбалардың мәтінтанулық талдауын жүргізіп, жинақтар дайындайды, ғылыми-ақпараттық және анықтамалық сипаттағы шағын формадағы басылымдарды және әдістемелік құралдарды әзірлеп, оларды практикаға енгізеді.
Бөлім қызметкерлері халықаралық байланыстар орнатуға атсалысады және ғылыми семинарлар, дөңгелек үстелдер мен конференциялар ұйымдастырады.





Бұл бөлім- көне қолжазбалар мен сирек кітаптарға тазалау, дезинфекция және дезинсекция, қалпына келтіру жұмыстары, түптеу, консервация жұмыстарын атқарады. Зертхана жұмысы 2018 жылы 15 қарашадан бастау алды. Зертхананы жабдықтауға АҚШ, Ұлыбритания, Корея, Италия, Жапония, Алмания сияқты мемлекеттерде жасалған озық технологиямен жабдықталды. Соның нәтижесінде Астанада алғаш рет жазба құжаттарды қалпына келтіру зертханасы жабдықталып, іске қосылды. Реставраторлар заманауи реставрациялық материалдарды пайдалана отырып, қағаз құжаттарға реставрация жұмыстарын жүргізеді. Мұнда қолданылатын материалдар да әлемдік үрдіс бойынша шетелдерден алынып отырады. Мысал ретінде айтар болсақ, реставрацияға арнайы жапон қағазы Жапон елінен әкелінеді, Метилцеллюлоза деп аталатын желім Алманиядан, кітап түптейтін тері мен форзац қағаздары Италиядан, қылқаламдар Франциядан, тіпті картонның өзі Голландиядан алынады. Бұл жұмысты сапалы орындауға және қағазға жасалған реставрацияның ұзақ уақытқа шыдамды болуына кепілдік береді.
Қазіргі таңда зертхана реставрация және консервация жұмыстарының толық циклын атқара алады. Зертхана қызметкерлері Қазақстандық және халықаралық ұйымдардан біліктіліктерін көтеріп, конференциялар мен семинарларға әрдайым қатысып, баяндама жасап отырады. Осы қысқа мерзім ішінде мамандар Қазақстандық және шетелдік кітапханалар мен архивтерде қалпына келтіру бойынша біліктілігін көтерді. Қазіргі таңда мамандар кітапты қалпына келтірудің толық циклын жасап шыға алады. Мамандар Түркия, Ресей, Иран, Армения, Корея елдерінде тәжірибе алмасып, білімдерін жетілдірді. Шетелден алған білімдері мен тәжірибелерін орталық реставраторлары Отандық әріптестерімен де бөлісуде. Осы бағытқа арналған іс-шара «Қазақстандағы жазба мұралардың реставрациясы және сақтау мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік семинары екі жылдан бері өткізіліп келе жатыр. Семинарға республикалық және халықаралық ұйымдардың мамандары қатысты.

Есепке алу, сақтау, көрме ұйымдастыру бөлімі — Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің «Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Бөлім өз қызметінде қолданыстағы заңнамаларды, «Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы» РММ Жарғысын, директордың бұйрықтары мен нұсқауларын басшылыққа алады.
Есепке алу, сақтау, көрме ұйымдастыру бөлімінің негізгі қызметі: қорға келіп түскен қолжазбалар мен сирек кітаптарды акт арқылы қабылдап, қорды толықтыру жұмыстарын жүргізеді. Қордағы қолжазбалар мен сирек кітаптардың сақталуын және қауіпсіздігін қадағалайды; Қордағы қолжазбалар мен сирек кітаптарды қайта қалпына келтіру негізінде Реставрация-консервация бөлімі арасында ішкі акт толтырылып, өткізу-қабылдау жұмыстарын жүргізеді;
Қордағы қолжазбалар мен сирек кітаптарды сандық форматқа көшіру негізінде Жариялау-баспа бөлімі арасында журналға тіркеу арқылы өткізу-қабылдау жұмыстарын жүргізеді;
Қордағы қолжазбалар мен сирек кітаптарды мемлекеттік есепке алу бойынша Сараптамалық-тексеру комиссиясының (СТК) отырысын ұйымдастырады және қатысады;
Есепке алу, сақтау, көрме ұйымдастыру бөлімі: көпшілік іс-шаралар, тақырыптық және жылжымалы көрмелер ұйымдастырады (халықаралық және республикалық көрмелер, ғылыми дөңгелек үстелдер, семинарлар, лекциялар, конференциялар, шеберлік сабақтар, тұсаукесер, дөңгелек үстел, кездесулер және т.б.);
Көрме залындағы құнды қолжазбалар мен сирек кітаптардың сақталуын қадағалайды;
Зерттеушілермен пайдаланушыларға тиімді және жедел қызмет көрсету, ақпарат көздерін іздеу және таңдау бойынша кеңес береді.


Қор туралы
Қазіргі таңда қордағы кітаптардың жалпы саны 9 мыңнан асады. Оның ішінде 2000-ға жуық данасы ерекше құнды кітаптар. Қордың 300-ден астам бірлігін 19-20 ғасырларда жарық көрген араб, парсы, түркі шағатай, көне өзбек, татар тілдеріндегі ойшылдардың, ғалымдардың және басқа да авторлардың сирек кітаптары құрайды.Сонымен қатар, 19 ғасырдың соңы – 20 ғасырдың басында төте жазуында, латын графикасында жарық көрген кітаптар; қазақ ағартушылары мен ғалымдарының еңбектері, батыс және орыс зерттеушілерінің еңбектері; 1880-1916 жылдар аралығындағы Ақмола, Торғай, Сырдария, Орал, Семей, Жетісу облыстары бойынша егіншіліктің, демографияның, мал шаруашылығының және басқа да салалардың дамуын сипаттайтын статистикалық шолулар; ПетрI мен Екатерина II тұсында жарияланған және 1830 жылдары қайта шығарылған Ресей империясының заң кодекстері; миниатюралық кітаптар жинағы, сонымен қатар сөздіктер мен энциклопедиялар табылады.


- Шығыс тілдеріндегі қолжазбалар мен сирек кітаптар (ІХ ғ. — ХХ ғ. басы)
- Областар бойынша статистикалық шолулар (1883-1915 жж.)
- Ресей империясының заңдар жинағы (1930-1892 жж.)
- Төте жазу немесе қазақ тілінде араб графикасымен жазылған кітаптар (1920-1956 жж.)
- Латын қарпіндегі әдебиеттер (1934-1952 жж.)
- Абай Құнанбайұлының еңбектері (1934-2017 жж.)
- Шағын кітаптар (1975-2005 жж.)
Жариялау-баспа бөлімі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті «Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Өз қызметінде бөлім Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын, «Қолжазбалар мен сирек кітаптар ұлттық орталығы» Жарғысын, сондай-ақ бұйрықтар мен нұсқауларды басшылыққа алады.
Бөлімнің негізгі міндеттері: археография және деректану саласындағы ғылыми еңбектерді, жарияланымдарды және әдістемелік құралдарды шығару;
архивтік құжаттар жинақтарын, анықтамалық-ақпараттық және әдістемелік әдебиеттерді, Ұлттық орталықта өткізілетін ғылыми-практикалық конференциялар мен семинарлар материалдарын басып шығару.
Негізгі міндеттеріне сәйкес бөлім мынадай функцияларды орындайды:
Бекітілген нысандар бойынша ағымдағы және алдағы уақыттағы жұмыс жоспарларын әзірлеу және есептілік жүргізу;
Ұлттық орталық Дирекциясының, Ғылыми-әдістемелік кеңестің және басқа да консультативтік-кеңесші органдардың жұмысына қатысу;
Ұлттық орталықта қолжазбалар, сирек кітаптар және жариялау қызметінің нәтижелері бойынша конференциялар, семинарлар, көрмелер (экспозициялар) дайындау мен өткізуге қатысу;
Ұлттық орталықтың қорында сақталған көне қолжазбалар мен сирек кітаптар жаңа форматта сканерлеу, цифрландыру, қажет болған жағдайда көшірмесін басып шығарып дайындау;
– Ұлттық орталықтың ғылыми журналының макеттерін дайындау, басып шығару және тарату жұмыстарын қамтамасыз ету;
– Ұлттық орталық қорының құжаттарын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз ету;
– Ұлттық орталық қызметінің негізгі бағыттары бойынша ақпараттарды веб-сайтта және әлеуметтік желілерде жариялау;
– Графикалық редакторларды пайдалану арқылы (сканерлеу) қолжазбалар мен сирек кітаптардың электрондық нұсқаларын оқуға қолайлы форматта дайындау;
– Бөлім істерінің номенклатурасын жасау және бөлім қызметін құжаттамалық тұрғыда жүргізу.






