Қолжазбалар мен сирек кітаптар ұлттық орталығының араб тіліндегі кітап жинағы
Жауапты редакторлар: Жандос Болдыков, Махмуд Ерол Килич Құрастырушылар:Аширбек Муминов, Камшат Паримбекова, Селахаддин Уйгур, Алмат Абсаликов, Ануар Арыкбаев.
Каталогта Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының қорындағыарабографиялық кітаптардың ғылыми сипаттамасы берілген. Ғылыми сипаттамалар үшнегізгі бөлімге бөлінген, қолжазбалар, литографиялық кітаптар жәнетипографиядан басылып шыққан араб, парсы, шағатай, татар және басқа датілдердегі сирек кездесетін кітаптар. Араб жазуындағы шығармалардың көпшілігіXIX-XX ғасырларда шыққан діни әдебиеттер. Мұнда философия, логика, этика, фиқх,калам, Қасиетті Құранға түсініктемелер және хадистер бойынша еңбектеренгізілген. Сонымен қатар, араб грамматикасы, риторикасы, шешендік өнер жәнесөздіктер бар. Парсы тіліндегі шығармалар поэзия және парсы тіліне аударылғанараб грамматикасы жайлы еңбектер. Түркі тіліндегі кітаптардың қатарында классикшағатай, түркі-татар, түрік, азербайжан және қазақ тіліндегі шығармалар енген.Кітаптардың аясы әртүрлі, ал- Фузули мен ан-Науаи поэзиясынан Құрантәпсірлеріне дейін және тарих бойынша хроникалық жұмыстарды да қамтиды. Бұлкітаптардың барлығы XIX ғ. екінші жартысы мен ХX ғасырдағы қазақ қоғамыныңрухани және зияткерлік мәдениетінен көрініс береді. Каталогшығыстанушы-ғалымдарға, исламтанушыларға, тарихшыларға, философтарға жәнеқолжазба кітабының тарихы қызықтыратын қалың оқырманға арналған.
КАТАЛОГ-АЛЬБОМ
ШЕТЕЛДІК ҚОРЛАРДАҒЫ ҚҰНДЫ ЖАЗБА МҰРАЛАР
Редакциялық коллегия: Р. Али, Ж. Болдыков, К. Пәрімбекова
Құрастырушылар: А. Абсаликов, Г. Бисенова, С. Ботабеков, Ә. Жабықбай, Н. Жақан
Бұл каталог-альбомда Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының «Архив-2025» жобасы аясында Түркия, Ресей, Иран Ислам Республикасы, Мысыр, Катар мемлекеттері бойынша көшірмесі әкелінген сирек қолжазбалар мен құнды кітаптардың сипаттамасы берілді. Жинаққа қазақ жерінен шыққан әл-Фараби, Саади Түркістани, Хусам ад Дин Сығнаки, Йусуф Сайрами, әлИсфиджаби, Махмуд Чурос және т.б. ғұламалардың еңбектері енгізілді. Аталған жинақ тарихшы, шығыстанушы, түркітанушы және археограф мамандар мен деректанушы зерттеушілерге, сонымен қатар, еліміздің тарихы қызықтыратын әрбір оқырман үшін маңызды ақпараттық құрал болып табылады.
XIX ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫНА ҚАТЫСТЫ РЕСЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК ӘСКЕРИ ТАРИХИ МҰРАҒАТЫНДАҒЫ МАТЕРИАЛДАР МЕН ҚҰЖАТТАР
(құжаттар жинағы)
Редакция алқасы:
Қарсақбаева Г.Е., Өтепова Г.Е., Болдыков Ж.Б.
Құрастырушылар:
Өтепова Г.Е., Дүкенбаева З.О., Болдыков Ж.Б., Бисенова Г.А.,
Жакибаева Г.Б., Паримбекова К.П.
Жинақта Ресейдің мемлекеттік әскери-тарихи мұрағатындағы (Мәскеу),XIX ғасырдағы Қазақстан тарихының жекелеген аспектілерін көрсететінқұжаттарұсынылған. Мұрағат құжаттарын анықтау, жинақтау және жариялау «Архив-2025» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысында жүзеге асырылды.
Құжаттар жинағы тарихшыларға, университет оқытушыларына,докторанттар, магистранттар, студенттер, сонымен қатар Қазақстан тарихына қызығатын кез келген адамға арналған.
Бұл каталог-альбом 2024 жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің «Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі шығарған «Шетелдік қорлардағы құнды жазба мұралар» каталог-альбомының жалғасы болып табылады. Каталог-альбомға Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының ғылыми-зерттеу қызметі аясында анықталған 72 сирек қолжазба мен құнды баспа кітаптардың сипаттамалары енгізілген. Материалдар Ұлыбританиядағы Бодлеан кітапханасы мен Джон Райлэндс кітапханасынан, Үндістандағы Худа Бакш кітапханасынан, Түркиядағы Сүлеймание кітапханасынан, сондай-ақ басқа да кітапханалар мен ғылыми-зерттеу мекемелерінен анықталған. Каталог материалдары Қасиетті Құран ескерткіштері мен ислам құқықтық дәстүріне арналған еңбектерден бастап тарихи шежірелерге, генеалогиялық шығармаларға, әдеби және эпикалық туындыларға, сопылық, филология және география салаларындағы зерттеулерге дейінгі кең тақырыптық ауқымды қамтиды. Қазақ хандығының, Алтын Орданың және Орталық Азия мемлекеттерінің тарихына, сондай-ақ қазіргі Қазақстан аумағынан шыққан көрнекті ойшылдардың қызметіне қатысты дереккөздер ерекше құндылыққа ие. Жинаққа қазақ жерінен шыққан Хусам ад-Дин ас-Сығанақи, Қадырғали бек Жалаири, Мұхаммед Хайдар Дулати және басқа да көрнекті ғалымдардың еңбектері енген. Басылым жазба мәдениеттің бірегей ескерткіштерін ғылыми айналымға енгізіп, тарихи ғылымдар, шығыстану, түркітану, археография мен деректану мамандары үшін, сондай-ақ Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасына қызығушылық танытқан кең оқырман қауым үшін маңызды анықтамалық-деректік құрал болып табылады.
Қазақстан тарихы шетел мұрағаттарында (XVI-XX ғғ.)
Ақпараттық анықтамалық Ресей мемлекеттік көне актілер архиві, Ресей империясының сыртқы саясат архиві, Ресей Федерациясының Мемлекеттік архиві, Ресей мемлекеттік әлеуметтік-саяситарихы архиві, Ресей мемлекеттік экономика архивінен алынған құжаттар есебінен құрастырылған. Хронологиялық шеңбері XVI-XX ғғ. құрайды.
Том 1
Ресей мемлекеттік көне актілер архиві Ресей мемлекеттік көне актілер архиві, мекеме қорлары- 2 284 353 сақтау бірлігі; сақтау.; қолжазба кітаптары-12.597 бірл. сақ. Ғылыми техникалық құжаттама-792 405 бірлік.
Том 2
Ресей мемлекеттік әскери-тарихи архивіРесей мемлекеттік әскери-тарихи архиві 13.036фф. (3.250.957 сақтау бірлігі); ғылыми-техникалық құжаттама -15 фф. (131 795сақтау бірлігі));түпнұсқалар құқығындағы микроформалар-сақтау бірлігі. 1 ф. (77 сақ.бір.)
Том 3
Ресей мемлекеттік тарихи архиві Ресей мемлекеттік тарихи архиві-Ресей империясының тарихына қатысты 6,5миллион құжатты құрайды. Барлығы мұрағат қорының көлемі шамамен 7,2 миллион сақтаубірлігі.
Том 4
Орынбор облысы мемлекеттік архивіАқпараттық-анықтамалықтың 4 томында Орынбор облысы мемлекеттік архивінің 9 мыңнан аса қор құжаттарыныңҚазақстан тарихы туралы XVIII- XX ғ. I жарт. баяндалған.
Том 5
Омск облысы мемлекеттік тарих архивіАқпараттық - анықтамалықтың 5-томында архивқорының 4 мыңға жуық ісі Қазақстантарихы бойынша XVIII – XX ғғ. қамтитын деректер енген.
Том 6
Ресей мемлекеттік кинофото құжат архиві6 томда Ресей Федерациясының архив қорларындағы XVIII – XX ғғ. қамтитындеректер құрайды.
Том 7
Өзбекстан Республикасы Орталық мемлекеттікархиві7 томның (I бөлімі) Өзбекстан Республикасы Орталық мемлекеттік архивінің3 мыңнан аса қор құжаттары, сондай-ақ Ташкент облыстық және қалалықархивтеріндегі XIX-XX ғғ. қамтитын құжаттар енген.
Том 8
Ақпараттық анықтамалықтың 8 томында мұрағаттар мен кітапханалардаанықталған және алынған Армения, Грузиясияқты елдердің мұрағат қорларындағы құжаттардың (көшірмелердің), сондай-ақВенгрия, Ұлыбритания, Германия, Египет Араб Республикасы, Италия, Испания, АҚШ,Қытай, Түркия, Франция елдерінен алынған құжаттар құрайды. Құжаттар XVI-XXғасырлар аралығын қамтиды.